Мәзір

ҰАҒБО АӨК дамыту мәселелері бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен» өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

14.02.2020
ҰАҒБО АӨК дамыту мәселелері бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен» өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптардың келісім мақсатының басым бағыттары: ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін (АШТӨ) ҰАҒБО қорларынан тұқыммен қамтамасыз ету жолымен, отандық және шетелдік дәнді дақылдар селекциялар жетістіктерімен ауыл шаруашылығы субъектілерін қамтамасыз ету үшін тұқымдық қорын құру; Қазақстан Республикасы әртүрлі топырақтық-климаттық жағдайларына бейімделген шетелдік үздік сұрыптар мен  будандарды іздеуге жәрдемдесу; дәнді дақылдар тұқымдарының шетел өндірушілері тізімін жасау; сыртқы және ішкі нарықтарда дақылдар қажеттілігі бойынша аналитикалық және болжалды жұмыстар бойынша бірлескен күштерді жүзеге асыру жолмен АӨК дамытуға көмек көрсету.

«ҰАҒБО» КеАҚ жағынан меморандумға орталықтың Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков қол қойды.

«Бүгінгі меморандумға сәйкес ҰАҒБО дәнді дақылдар тұқымдарын өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, өткізу және пайдалану бойынша нұсқаулықтар мен ғылыми қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Сонымен қатар Орталық дәнді дақылдар тұқымының айналым тиімділігіне ықпал ететін нұсқаулықтарды жасауға және өнімділікті болжау әдістемесін, дәстүрлі тәсілдермен қатар ғарыштық мониторинг сандық жүйелері мен деректерін қолдануымен өсімдіктердің даму кезеңінде дәнді дақылдар сапа көрсеткіштерін бағалау жүйесін дамытуды көздейді. Осының барлығы дәнді дақылдар тұқымдары нарық айналымын қамтамасыз етуге жағдай жасайды», - деді Т. Рақымбеков.

«Қол қойылған меморандум аясында фьючерстер және басқа да мәмілелер негізінде ҰАҒБО ресурстарынан ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне тұқым беру арқылы отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету жоспарлануда. Сондай-ақ, дәнді дақылдар сорттарына зияткерлік меншік құқығын сату нарығын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргіземіз»,- деп атап өтті ҰАҒБО басшысы Т.Рақымбеков.

Тараптар сонымен қатар АӨК мемлекеттік көмек құралдарын жетілдіруде жұмыс атқаруға және қойылған міндеттер шеңберінде белсенді қызметтесуге келісті.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ — бұл Қазақстанның аграрлық саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы.

«ҰАҒБО» КеАҚ аграрлық ғылымның практикалық тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жан-жақты жәрдемдесуді қамтамасыз етеді. Олардың қатарында: сұрыптардың өнімділігін арттыру үшін егін шаруашылығында инновациялық тәсілдерді енгізу, жаңа технологияларды апробациялау және енгізу үшін тәжірибе шаруашылықтарының негізінде демонстрациялық алаңдарды құру, Қазақстан Республикасының АӨК дамыту үшін отандық және шетелдік ғылыми зерттеу әзірлемелерін жасау, аграрлық саладағы ғылыми ортаны нығайту және одан әрі дамыту.

Ақпарат көзі: https://moa.gov.kz/


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии