15 қаңтарда Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек бастаған қазақстандық делегация Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына (ҚХР) барды. Бұл туралы World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстандық делегация ШҰАР-дағы әріптестерімен ҚХР-ға қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортының ассортиментін кеңейту және көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға қытайлық компаниялардан инвестиция тарту мәселесі де көтерілді.
Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиясының ШҰАР халық үкіметі арасында аграрлық-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, тараптар ауыл шаруашылығында қолданылатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын стандарттау және метрология саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол қойды.
Одан бөлек, қазақстандық делегация ШҰАР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметіне ауыл шаруашылығы саласындағы өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бөлігінде ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение