Көң тамаша органикалық тыңайтқыш болуы мүмкін деген пікір бар. Дегенмен заманауи жағдайда тыңайтқыш ретінде қолданылатын көңнің құрамында пестицидтер, улы элементтер және патогендердің болуына байланысты қауіпті болуы мүмкін, деп хабарлайды World of NAN.
Топырақтағы көң мен саңғырықты қосалқы өнім ретінде қолданбас бұрын фермерлер белгілі бір шарттарды орындауы керек: көңді өңдеу, патогенді микрофлорадан залалсыздандыру және зертханалық тексерістен өткізу.
Мұндай тыңайтқыштарды бақылаусыз пайдаланған жағдайда топырақ эрозиясы мен тозуы, жер асты суларының және атмосфераның күкіртті сутегі мен аммиак шығарындыларымен ластануы түріндегі салдары болуы бек мүмкін. Сонымен қатар, инфекциялардың, аурулардың және арамшөптердің таралу қаупі бар.
Фермерлер көң құрамында қорғасын, кадмий, сынап, мышьяк, қалдық пестицидтер, сондай-ақ сальмонеллалар, дернәсілдер, т.б. қауіпті элементтер болуы мүмкін екенін түсінуі керек.
Көңді пайдаланған кезде оны дезинфекциялау құралдарымен және арнайы бактериялармен өңдеу керек.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение