Мәзір

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

28.09.2021
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Жеңіс Өсербай Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап World of NAN.

Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын, Ақмола технология және бизнес университетін бітірген. «

Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист лауазымынан бастаған. 2001-2002 жылдары - жеке ұйымның қаржы аналитигі. 2004-2006 жылдары – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның Жобаларды кредиттеу департаментінің бас менеджері. 2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарды. 2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін      «К-Агро» ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі болыптабылады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии