Мәзір

Жаңа премьер-министр тағайындалды

06.02.2024
Жаңа премьер-министр тағайындалды

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрын атқарған қызметінен босатылды. Бұл туралы World of NAN Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мемлекет басшысы «Аманат» саяси партиясы ұсынған премьер-министрдің кандидатурасын Мәжілістегі партия фракцияларының жетекшілерімен талқылағаннан кейін жалпы ортақ шешімге келгенін айтты.

«Олжас Бектенов тәжірибелі мемлекеттік қызметкер. Экономика және басқа да салалар бойынша білімі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәртіпті, адал, еңбекқор. Сондықтан, ел экономикасының алдында тұрған мақсаттарға жету үшін бізде жеткілікті мүмкіндіктер болады деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігін басқарған болатын.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии