Мәзір

Қазақстанда азық-түлік қоймасының жетіспеуі көкөніс бағасының қымбаттауына апарады

09.06.2023
Қазақстанда азық-түлік қоймасының жетіспеуі көкөніс бағасының қымбаттауына апарады

Қазіргі уақытта өсімдің қоймаларының тапшылығы 35% болып отыр. Көкөніс пен жеміс-жидектерді көктемге дейін сақтау үшін Қазақстандағы картоп сақтау қоймаларының қуатын үш есеге, жеміс-жидек сақтайтын қоймалардың қуатын екі есеге арттыру қажет. Қоймаларды салу қарқынына қарағанда, бұл мақсаттар 2025 жылдың соңына дейін орындалмайды. Бұл жайлы Energyprom.kz мониторнг агенттігінің кезекті есебіне сілтеме жасай отырып, World of NAN хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы мәліметтері бойынша, Қазақстанда жалпы саны 1,2 мыңнан сәл асатын жеміс-көкөніс қоймалары бар, олардың жалпы сыйымдылығы 2022 жылы 1,9 миллион тоннаны құрады. Ал өткен жылы елімізде көкөніс жинаудың жалпы көлемі 6,5 миллион тоннадан асты. Картоп, басқа да көкөністер мен жемістерді сақтау шарттарына қарай мұндай қоймалар үш санатқа бөлінеді. Ең көп қойма – көкөністерді контейнерлерде сақтауға арналған қоймалар, олардың саны – 770. Мұндай қоймалар 1,3 миллион тоннадан астам сәбіз, қызылша, қырыққабат, пиязды сақтай алады. Сауда және интеграция министрлігі сарапшылары жүргізген талдауға сүйенсек, елімізде бұл көкөністерді сақтау мүмкіндігі жеткілікті дерлік, тапшылық небәрі 3,1 пайызды құрайды.

Бірақ қалған екі санаттағы қоймалар – картоп сақтау және жеміс сақтау қоймалары Қазақстанда тапшы. Біріншісінің қуаттылығы егіннің тауарлық көлемінің 36,5%-ына ғана жетеді (яғни 1,4 млн. тонна). Жемістерді сақтауға арналған үй-жайлар да жеткіліксіз: қоймаларда көктемге дейін сақталуы қажет жеміс көлемінің небәрі 43,8% пайызына (196,5 мың тонна) орын бар. Тұтастай алғанда, 2022 жылдың соңында барлық үш сақтау санатындағы орташа тапшылық деңгейі 35,4% болған.

Мигнистр Ербол Қарашөкеев қыс пен көктемде көкөніс бағасына азық-түлік қоймаларының жоқтығы әсер етеді деп есептейді. Бұл өнімдерді жылы желдетілетін қоймаларсыз тауарлы күйінде сақтау өте қиын. Бұл өз кезегінде нарықта импорттың артуына және маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне әкеледі.

2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңдегі көкөніс бағасы индексінің динамикасына сүйене отырып, бұл үрдісті байқау қиын. Инфляциялық қысым тұрғысынан қарағанда, былтырғы жыл бұған дейінгі жылдардан мүлдем ерекше: көкөніс қоймаларының жоқтығынан бөлек, бағаның өсуіне себеп болған көптеген ішкі және сыртқы факторлар болды. 2022 жылдың наурыз-сәуір айларындағы Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс салдарынан болған күйзеліс көптеген тауардың, соның ішінде көкөністің бағасын көтерді. Қырыққабат – 3 есеге жуық, картоп – 37,8, сәбіз – 42,3, қызылша – 74, пияз – 34,2 пайызға қымбаттады. Осы жылдың наурыз-сәуір айларында осы тауарлардың баға индекстері (пиязды есепке алмағанда) соншалықты жоғары болмады. Бірақ салыстыру өткен жылғы жоғары база кезі және бір маусымнан кейін, жаңа астық жиналып, экономика күйзелістен қалпына келе бастаған кезі арасында жүргізілгенін есте ұстаған жөн.

Бірақ баға индекстерін ресурстар мен пайдалану баланстары туралы ақпаратпен салыстыру Ербол Қарашөкеевтің пікірін растайды. Статистикаға сүйенсек, Қазақстан импортқа ең көп тәуелді көкөністердің бағасы қатты өскен. Ең алдымен, бұл қырыққабат пен пияз. Қазақстандықтар ішкі нарыққа қажет қырыққабат көлемінің 83,4%-ын, пияздың 98,4%-ын өсіреді. Айтпақшы, пиязды Қазақстаннан агрессивті экспорттамағанда, ол импортсыз да жеткілікті болар еді. Ішкі нарықта пияз тапшы болса да, жеткізушілер оларды тұрақты түрде шетелге сатуға жіберетін. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстаннан 178,6 мың тонна пияз экспортталды, бұл көлем импорт есебінен өтелуге тиіс еді, ол 196,4 мың тоннаны құрады. Осы себепті Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы тіпті экспортқа уақытша тыйым салуға, кейіннен пиязды квотамен сатуға дейін барды.

Қоймалардың жетіспеуінен бөлек, Қазақстанда қойманы салқындатқыш құрылығылармен жабдықтаудың да жетіспеушілігі байқалады. 1,2 мың көкөніс қоймасының тек 16,6 пайызы микроклиматты қалыптастырып, ылғалды бір деңгейде ұстап тұратын тоңазытқыштармен жабдықталған. Мұндай құрылғылар өте маңызды, өйткені бұларсыз пияз шіріп, сәбіз – құрғап, ал алма тауарлық түрін жоғалтып алады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаева twitter желісіндегі жазбаларының бірінде қоймаларда дұрыс сақталмаудың кесірінен азық-түліктің -түліктің 30-40 пайызы бүлініп кететінін айтқан еді.

Бұл жағдайға еліміздегі көкөніс қоймаларының үштен бір бөлігінің 20 жылдан астам жұмыс істеп тұрғаны да әсер етіп отыр. Қажеттіліктерді ескерер болсақ, Қазақстанда жаңа қоймаларды салу қарқыны төмен болып тұр. 2021-2022 жылдары сыйымдылығы 181 000 тоннадан асатын көкөніс қоймалары салынды. 2023 жылы тағы 104,6 мың тонна көкөніс сақтайтын қоймаларды пайдалануға беру жоспарланған. Агенттіктің бағалауы бойынша, бұл жалпы тапшылықты небәрі 4,6 пайызға, 2020 жылғы 36,5 пайыздан биылғы желтоқсандағы 31,9 пайызға дейін қысқартады.

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии