Мәзір

Қазақстанның оңтүстігінде су тапшылығы болуы мүмкін

14.03.2024
Қазақстанның оңтүстігінде су тапшылығы болуы мүмкін

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жақанбаев көктемде елде су тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды World of NAN.

Табиғи құбылыстың себебі - көрші Өзбекстан мен Қырғызстанда орын алған құрғақшылық болмақ.

«Тоқтағұл су қоймасындағы су көлемі өткен жылмен салыстырғанда 300 млн текше метрге аз. Ал Шыршық алабындағы су көлемі былтырғыдан 100 миллион текше метрге кем. Сондықтан келіп түсетін судың мөлшері аз болмақ. Биыл судың жетіспеушілігінен қиындықтар туындауы мүмкін», - деп түсіндірді вице-министр.

Оның айтуынша, Түркістан мен Қызылорда облыстарында құрғақшылық басталуы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлердег егінді құртып кеткен өткен жылдардағы құрғақшылық жағдай қайталанбас үшін құзырлы орындар суды үнемдеу режиміне көшіп жатыр. Осы мақсатқа жету үшін олар су қоймаларын асығыс қайта қалпына келтіріп, жаңаларын салуда, сонымен қатар суды үнемдейтін технологияларды орнатқан шаруаларға субсидия беруді ұсынып отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии