Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің арасында неліктен Қазақстанда сүт бағасы ең қымбат? «Қазақстан сүт одағының» директоры Владимир Кожевниковтың айтуынша, оның негізгі себебі сүт өндірісінің ірілену мәселесіне қатысты. Бұл туралы World of NAN порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сарапшының ойынша, сүт фермалары неғұрлым ірі әрі бір жерге шоғырланған болса, өндіріс шығындары да соғұрлым азайып, тауардың өзіндік құны төменірек бола түседі.
"У нас сегодня так устроена структура стада, что 70% молока производится в личных подсобных хозяйствах. Если логистика от крупных молочно-товарных ферм составляет 3-5%, то от личных подсобных хозяйств, особенно в зимние периоды, вырастает до 20%. Почему мы имеем показатели хуже, чем в Беларуси? У них сегодня 95% молока производится на крупных молочно-товарных фермах, а это и качество, и безопасность, и снижение логистики. И самое главное, что там производительность труда намного выше. И продуктивность скота намного выше. В личных подсобных хозяйствах у нас 2,5 тыс. литров на корову, а беларусы имеют 8,9 и даже 11", - сообщил директор "Молочного союза Казахстана" Владимир Кожевников.
«Бүгінгі таңда біздің елімізде сүттің 70 пайызы жеке шаруашылықтарда өндірілетіндей құрылымдалған. Егер ірі сүт-тауарлы фермалардан тасымалдау құны 3-5 пайызды құраса, бұл жеке шаруашылықтарда әлдеқайда жоғары, әсіресе қыста 20% дейін өседі. Неліктен біздегі көрсеткіштер Беларуське қарағанда нашар? Қазіргі сәтте олардың сүтінің 95 пайызы ірі сүт фермаларында өндіріледі, бұл сапаның, қауіпсіздіктің артуы, логистика шығындарының төмендеуі деген сөз. Ең бастысы, онда еңбек өнімділігі әлдеқайда жоғары. Одан бөлек сиырдың өнімділігі анағұрлым жоғары. Біздегі жеке шаруа қожалықтарында бір сиырдан 2,5 мың литр сүт сауатын болса, беларустарда 8,9 мың литр, тіпті 11 мың литр сүт беретін сиырлар бар», - дейді Владимир Кожевников.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение