Мәзір

Неліктен Қазақстандағы инфляция соғысып жатқан Ресейдегіден жоғары?

15.08.2023
Неліктен Қазақстандағы инфляция соғысып жатқан Ресейдегіден жоғары?

2022 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда ЕурАзЭО елдері ішіндегі ең жоғары инфляция тіркелді – 20,3%. Соғысып жатқан Ресейдің өзінде инфляция көрсеткіші 12% болған еді. World of NAN порталы «Караван» газетіндегі мақалаға сілтеме жасай отырып, неліктен бұлай болғанын түсіндіреді. Ең негізгі себеп мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі орындалмауы.

Көршілес Ресей АҚШ пен Еуроодақтың санкцияларына ұшырады. Ресейдің Орталық банкіне ең негізгі валюталар қолжетімді емес. Батыс мемлекеттерінен импортқа тыйым салынған. Соған қарамастан, Росстат дерегі бойынша, жылдық инфляция 3,25%-дан 4,3%-пайызға дейін ғана жылдамдаған.

Өткен жыл Қазақстанға да оңай болмады. Инфляция артты, бәрінен бұрын азық-түлік қатты қымбаттап, бағалар 25,3% пайызға бір-ақ көтерілді. Ал осы сәтте Ресейдегі азық-түлік инфляциясы 11,94% ғана еді.

Неліктен бұлай болды? 2012 жылы Ресейде азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ұлттық доктрина қабылданып, ауыл шаруашылығын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы құрастырылған. Бағдарлама 35 түрлі бағыттан тұрды, әр бағытқа нақты жауапты мекеме бекітілді (ауыл шаруашылық министрлігі немесе россельхознадзор). Бағдарламаның негізгі мақсаты – Ресейді ДСҰ-ға мүше болған сәтте азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету.

Әр жылдың 15 мамырына дейін ауыл шаруашылығы министрлігі бағдарламаның жүзеге асу барысы туралы есеп дайындауға міндетті болды. Ең қызығы, бағдарлама басталғалы бері Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігін үш-ақ адам басқарып, олар 3-5 жыл сайын ауысып отырды.

2020 жылы бағдарлама сәтті аяқталды. Ал 2022 жылы Ресей 154 млн тонна астық жинап, экспорт көлемін 50 млн тоннаға дейін ұлғайтты. Бүгінде Ресей өз-өзін өсімдік майымен – 204%, астықпен – 173%, балықпен – 153%, қантпен – 107%, етпен – 101% қамтамасыз етіп отыр.

Осыған ұқсас бағдарламаны Қазақстан үкіметі де қабылдаған. 2017-2021 жылдарға арналған жалпы құны 2,5 трлн теңгелік бағдарлама бізде де іске асты. Алайда бұл бағдарлама өз мақсаттарына жете алмады. Жобаны ауыл шаруашылық министрлігі 2016 жылы ұсынған. Алайда бір жарым жыл премьер-министрдің үстелінде жатты да, тек 2018 жылдың жазында қабылданды.

Жоба іске асқан бес жылдың ішінде министрлер 5 рет ауысты және олардың әрбірі жобаны өзінше көрді. Осылайша бағдарлама мақсаттарын да өзгертіп отырды. Жобаны іске асыруға 15 министрлік (шамамен бүкіл үкімет), аймақ әкімдері мен Ұлттық Банк жауапты болды.

2020 жылы бағдарлама алға қойған 9 міндеттің 5-ін де орындамағаны белгілі болды. Соның салдарын енді байқап отырмыз: 2022 жылдың қорытындысы бойынша, бізде инфляция – 20,3%, ал соғысып жатқан Ресейде – тек 12%.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии