Мәзір

Германиялық инвесторлар ірі қара малды қолдан ұрықтандыру қазақстандық жобаға инвестиция салуды жоспарлап отыр

20.07.2020
Германиялық инвесторлар ірі қара малды қолдан ұрықтандыру қазақстандық жобаға инвестиция салуды жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Kossen Livestock GmbH» компаниясының директоры Ансгар Коссенмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Мәселен, отырыста компанияның Қостанай облысындағы Тобыл қаласында қуаттылығы жылына 144 тонна ет өндірісі мен ірі қара малды жасанды жолмен ұрықтандыру жөніндегі жобаны іске асыруға қатысу перспективалары талқыланды. Жоба 866 млн теңге көлеміндегі инвестициялық салымдарды қарастырады. Жыл сайын 360 мың мұздатылған ірі қара мал тұқымын өндіру жоспарлануда. Жобаны іске асыру 60-қа жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық Bull Genetics компаниясы жобаның серіктесі болып табылады. Жобаны «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Қостанай облысындағы өкілдігі қолдауымен Қостанай облысының әкімдігімен бірлескен жұмыс аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, қазіргі уақытта жер бөлінді. Алдағы уақытта инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынып, инвестициялық келісімшарт жасалады деп күтілуде.

Дәурен Кәріпов көп жылдық тәжірибесі мен неміс компанияларының жоғары стандартты өнімі Қазақстанның сыртқы нарыққа шығуына және отандық ет брендін жылжытуға кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасындағы қолайлы инвестициялық климаттың негізгі факторлары қазіргі заманғы заңнамалық база және мемлекет пен шетелдік бизнес серіктестігі екенін атап өтіп, Д.Карипов Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономиканы жаңарту және шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жаңа шаралары туралы хабарлады.

Кездесу барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілі А.Тумышева агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шараларын ұсынды.

Kossen Livestock GmbH Қазақстанға, Ресейге, Өзбекстанға, Түркіменстанға, Иранға, Түркияға және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттық және асыл тұқымды малды шығаруға мамандандырылған компания.

Ақпарат көзі: invest.gov.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии