Мәзір

Жерді заңсыз беріп, 1,5 жылға бас бостандығы шектелді

27.05.2024
Жерді заңсыз беріп, 1,5 жылға бас бостандығы шектелді

Мемлекеттік қызметкерлер жерді заңсыз беруді жалғастырып жатыр. Бұл жолы мұндай факті Жамбыл облысының Байзақов ауданында анықталды. Бұл жөнінде World of NAN облыстық прокуратураға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы 4 жеке тұлғаның жалға берілген 465 гектар жерді заңсыз алуына жол беріп, ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізгені анықталды.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы қызметтік жалғандық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізілді. Өз ісіне адал болмаған мемлекеттік қызметкердің соты өтіп үлгерді. Айыпталушыға өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал заңсыз берілген жерлер толығымен мемлекетке қайтарылды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии