Мәзір

Баяғы жартас сол жартас: ӘКК мемлекеттің қаржысын жоғалтты

22.05.2024
Баяғы жартас сол жартас: ӘКК мемлекеттің қаржысын жоғалтты

Жоғарғы есеп палатасы аудит жүргізіп, «Каспий» ӘКК» АҚ қызметінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы World of NAN аудиторлық палатаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аудит 2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды. Нәтижесінде 747 миллион теңгеден астам қаржы бұзушылықтары анықталды. Оның 730 миллион теңгеден астамы қалпына келтірілсе, тағы 17 миллион теңгеден астамы бюджетке өтелуге тиіс.

Сонымен қатар 1,7 млрд теңгеден астам қаражаттың тиімсіз пайдаланылуы (оның ішінде 456 млн теңгенің мүлкі) және 13 рәсімдік заң бұзушылық анықталды. Осы кезеңде жоғалған пайда 2,3 млрд теңгеден астамды құрады.

Атап айтқанда, ӘКК әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға бөлінген қаражат есебінен кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру үшін 500 миллион теңгеден астам қаражатты негізсіз пайдаланған. Бұл ретте облыста бағаны тұрақтандыру бойынша тікелей жұмыстар толық көлемде жүргізілген жоқ. Атап айтқанда, сиыр, тауық еті, сары май сатып алынбаған.

Сонымен қатар, 2022-2023 жылдары ӘКК 18 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап, оның 8-і іске қосылмады. Соның салдарынан жалпы сомасы 154 миллион теңгеден астам қаражат пен мүлік тиімсіз игерілді. Мәселен, қуаттылығы 12 МВт күн электр стансасын салу, жүзімдіктер отырғызу, балық өнімдерін өңдейтін шағын цех құру, ұн тарту комбинатын ашу және т.б. жобалар іске асырылмаған.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға тиісті нұсқамалар әзірленді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии