Мәзір

Шығыста жаңа ұн комбинаты ашылды

19.06.2024
Шығыста жаңа ұн комбинаты ашылды

Өскемендегі зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 60 тонна бидай өңдеуге жетеді. Мұнда 45 тонна ұн мен малға жем мақсатында 15 тонна кебек өндіріледі. Бұл туралы World of NAN ҰКП-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Ұнның сапасы, әрине, шикізатқа – бидайға байланысты, сондықтан біз жергілікті шаруалардан сатып алуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті компания басшысы Дулат Жеңісханов.

Өндіріс «Normal Work» ЖШС базасында құрылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін кәсіпорын 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Инвестиция көлемі шамамен 400 миллион теңгені құрады: 300 миллион теңгеге Түркиядан арнайы техника жеткізілді, 100 миллион теңгеге зауыт ғимараты, бидай мен ұн қоймалары жабдықталды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии