Мәзір

Ақмола облысында жаңа сүт өңдеу цехы салынуда

17.06.2021
Ақмола облысында жаңа сүт өңдеу цехы салынуда

Ақмола облысында сүт өңдейтін жаңа цех іске қосылмақ. Қазір ферма салу бойынша жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды World of NAN «Aqmola News» АА-не сілтеме жасап.

Цех тәулігіне үш тонна сүт өндіреді, ал кейін өндіріс көлемін арттыру жоспарлануда.

«Қазір 250 бас ірі қара малға арналған ферманың құрылысы жалғасуда. Оның ішінде ірі қара малға арналған 2500 м2 ангар, 750 м2 астық қоймасы, 576 м2 сауу залы, салқындатқыш-танкер және бұзау ұстайтын бөлек орын болады», – деді сүт-тауар фермасының басқарушысы Данияр Есетов.

Басшының айтуынша, ірі қара малды жеткізуге, сауын жабдықтарын сатып алуға қаржы Агрокредит корпорациясы арқылы бөлінген. Қажетті жем-шөп дайындайтын техника өндірістік цех қаражаты есебінен сатып алыныпты. «ҚазАгроФинанс» мекемесі көмегімен екі трактор, жем-шөп жинайтын тіркеме комбайн, пресс-жинаушы, жем үлестіруші алынған.

«Қазірдің өзінде 123 бас сиырдың симментал тұқымы әкелінді», – дейді ферманың бас зоотехнигі Нұрбек Ерсаинов.

Бұл тұқымның ерекшелігі төзімділігінде және сүттің тығыздығы мен майлылығы сияқты көрсеткіштерінің жоғары болуында екен.

Бүгінгі таңда Ақмола өңірінде сүт өнімдерін шығарумен 15 кәсіпорын айналысады. Олардың жалпы өндірістік қуаты жылына 150 мың тоннаға жуық өнімді құрайды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии