Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығының дамуы әлемде бәсекелеске түсуге және тасымал шығындарының орнын өтеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ҰАО басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков мәлімдеді деп хабарлайды Kazpravda.kz.
«Біз органикалық ауыл шаруашылығымен айналысқымыз келіп отыр. Органика - Қазақстанның ұлттық бәсекелестік артықшылығы, сол себептіде біз орталық құрғымыз келеді. Біз өндіре аламыз. Егер бір тонна астық 250-280 доллар тұрса, ал органикалық зат 400-500 доллар тұрады. Осы бағалардың айырмашылығының арқасында Қара теңізге тасымалдау нәтижесінде келтірілген шығындардың орнын толтыра аламыз », - деді Рахымбеков.
Сонымен қатар, оның айтуынша, көк-сағыздан каучук өндіруден де жетістіктер бар (үлпілдек бақбақ гүлінен алынған табиғи каучук).
«Мұнай өнеркәсібі өз орнын алғанға дейін көк-сағыздан каучук өндірілген. Оның тарихи ата-бабасы - Қазақстан. Көк-сағызбен айналысуды соғыс жылдарында бастаған. Жолдар жабық кезінде бізде өспейтін пальма ағашы, Малайзия мен Индонезияда өсетін, сол кезде олардың орнын көк-сағыз алмастырды. Бұл Алматы облысының Талдықорған аймағы. Яғни, бұл біздің қолымыздан келетін іс », - деп атап өтті Рахымбеков.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение