Мәзір

2020 жылдың сәуір айына тауарлардың жекелеген түрлерін шығаруға квота алуына мүдделі тұлғалардың өтінімдерін қабылдау туралы ХАБАРЛАМА

03.04.2020
2020 жылдың сәуір айына тауарлардың жекелеген түрлерін шығаруға квота алуына мүдделі тұлғалардың өтінімдерін қабылдау туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен ішкі нарыққа тауарлардың кейбір түрлерінің экспортын шектеу және кепілді жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізілді, сондай-ақ көрсетілген шараларды ұйымдастырудың шарттары мен тәртібі анықталды.

Тауарлардың мынадай түрлерінің экспорты шектеуге жатады:

- сәбіз, шалқан, қызылша: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды – 0706;

- қауданды қырыққабат, түрлі-түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және Brassica тектес осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер, жаңа піскен немесе салқындатылған: ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 0704;

- бидай немесе қара бидай ұны: ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 1101 00;

- жұмсақ бидай және меслин: : ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 1001 99 000 0, ҚР СТ 1046-2008 «Бидай. Техникалық шарттар» (бұдан әрі – бидай) талаптарына сәйкес келетін сапалы сипаттамалары бар 3 және 4 сыныпты жұмсақ бидай.

2020 жылдың сәуір айына квота көлемі:

- бидай – 200 000 (екі жүз мың) тонна;

- ұн – 70 000 (жетпіс мың) тонна құрайды.

2020 жылдың сәуіріне Қазақстан Республикасының ішкі нарығына кепілдендірілген жеткізілімдердің көлемі экспорт көлемінің 30%-ын құрайды:

- бидай – 60 000 (алпыс мың) тонна;

- ұн – 21 000 (жиырма бір мың) тонна.

2020 жылғы сәуірде ішкі нарыққа өткізу үшін тіркелген баға:

- бидайға EXW, ИНКОТЕРМС 2020, желілік лицензияланған элеватордың жеткізу шартымен:

1) 3 сыныпты жұмсақ азық-түлік бидайына ҚҚС-пен 88 000 (сексен сегіз мың) теңге;

2) 4 сыныпты жұмсақ азық-түлік бидайына ҚҚС-мен 84 000 (сексен төрт мың) теңге.

- ұнға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында сату кезінде 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге, басқа облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда 130 000 (бір жүз отыз мың) теңгені құрайды.

Өтінімдер хабарландыру жарияланған сәттен бастап 2020 жылғы 4 сәуір сағат 15.00-ге дейін PDF форматында уәкілетті ұйымдардың электрондық пошта мекенжайларына қабылданады.

Өтінімдер қабылдануы:

- бидай бойынша – «Қазақстанның астық одағы» ЗТБ арқылы электрондық мекен-жайға: export@grainunion.kz

 «Қазақстанның астық одағы» ЗТБ басшысы Оспанов Нұрлан Елеусізұлы, Тел. +7 777 618 4618.

- ұн бойынша – «Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» ЗТБ арқылы электрондық мекен-жайға: info@kaznan.kz

«Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» ЗТБ басшысы Ган Евгений Альбертович, тел. +7 701 511 9005.

жетекші маман – Жестовская Александра Александровна, тел. +7 701 514 5875.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жоғарыда аталған бұйрығымен қаралған  жағдайда өтінімдерді қайта қабылдау қарастырылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары, және құжаттардың нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Құжаттар нысандарын жүктеу сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/1?directions=3529&lang=kk


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии