Мәзір

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтетіні туралы ХАБАРЛАМА

06.05.2020
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтетіні туралы ХАБАРЛАМА

2020 жылғы 3 маусым күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Омаров Сапархан Кесікбайұлының халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өтетін есеп беру кездесуінде министр Ауыл шаруашылығы саласының 2019 жылғы негізгі қызметтерін қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы баяндайды.

Өңір тұрғындары кездесуге бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимде қатысып өз сауалдарын қоя алады. Сондай-ақ  кездесу министрліктің Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларында, мамандандырылған интернет-порталдарда және БАҚ-та онлайн форматта жүргізіледі.

Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды minagripress@gmail.com электрондық поштасына жіберуге болады.

Есеп беру кездесуіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8(7172) 55-57-65 телефон номеріне  хабарласуыңызды сұраймыз.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ. Д. Қонаев көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залы. Өткізілетін уақыты сағат 11.00 - де.

Ақпарат көзі: www.gov.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии