Мәзір

Өңделген өнім шығарушылар электрмен жабдықтау мәселесіне алаңдайды

22.04.2024
Өңделген өнім шығарушылар электрмен жабдықтау мәселесіне алаңдайды

Азық-түлік өнімдерін өндірушілер өз кәсіпорындарын энергиямен қамтамасыз ету жағдайына алаңдаулы. Бұл жөнінде World of NAN «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

28 наурызда май саласының бірқатар субъектілері осы жылдың 1 сәуірінен бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензияның қайтарып алынуына және басқа компаниямен шартты жаңарту қажеттілігіне байланысты электр энергиясынан ажырату туралы хабарлама алды.

Лицензияның қайтарып алынуына байланысты 311 кәсіпкерлік субъектісі электр қуатынсыз қалып, өндіріс тоқтап қалу қаупінде болған. Сонымен қатар, энергиямен жабдықтаушы ұйымның ауысуымен электр энергиясының құны 20%-ға қымбаттауы мүмкін.

Ал алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілер Қауымдастығының басшысы Әлия Мамытбекованың айтуынша, бір жылда жеткізуші «Кадаско-А» ЖШС-де электр энергиясының құны 34%-ға  өскен (25-тен 33,5 теңгеге дейін), «Энергопоток» ЖШС-де 43%-ға (33,1-тен 47,3 теңгеге дейін). Оның пікірінше, тариф өсіп жатыр және өсе береді. Өз кезегінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі Аман Боранбай лицензияны қайтарып алу үкіметтің тапсырмасына байланысты екенін атап өтті.

«Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясынан айыру және тарифтерді көтеру мәжбүрлі шара, ол халық үшін электр энергиясы тарифтерінің көтерілу қаупімен байланысты», - деді ол.

Дегенмен Азық-түлік өнеркәсібі комитетінің мүшелері қолданылған тәсілдер отандық өндірушілер шығарған тауарлар бағасының көтерілуіне әкелетінін айтады.

Сонымен қатар өңдеушілерді импорттың өсуі алаңдатады. Олар импорттық өнімдерді жоғары сапалы реттеуге шақырады. Өйткені құрамы анық жазылмаған арзан импорттық өнімдер тұтынушыларды шатастырады. Ресми статистикаға сәйкес, 2023 жылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты 4 миллиард АҚШ долларын құраса, экспорт небәрі 2,3 миллиард долларды құрады.

«2023 жылы отандық өндірушілер ірімшік пен сүзбе өндірісін 10,5%-ға, шоколадты 7,6%-ға, кондитерлік ұн өнімдерін 6,3%-ға арттырды. Өндірістің өсуіне қарамастан, қазақстандық сөрелерде бәсекеге түсу қиындай түсуде» деді Сүт одағының басшысы Владимир Кожевников.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии