Бүгін үкімет отырысында өңдеу секторын дамыту бойынша барлық негізгі бағыттар мен міндеттер айқындалды, деп хабарлайды World of NAN.
Шикізатты емес жоғары өңделген тауарлар өндіруге басымдық берілетіні осыған дейін президент жолдауында да, үкімет отырыстарында да айтылған еді. Бүгін премьер-Министр Олжас Бектенов осы мәселеге тағы бір мәрте тоқталып, өңдеу өнеркәсібі дамығанда ғана табыстың көбісі елімізде қалатынын, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру деңгейі артатынын атап өтті.
Бұл ретте өндірушілер үшін преференциялар жаңа Салық кодексінің жобасында да қарастырылған.
«Жаңа Салық кодексінің жобасында салық ставкасы шығарылатын тауардың өңдеу деңгейіне байланысты. Яғни кәсіпорын жоғары өңделген тауар шығарса, салық ставкасы төмен болады, ал жай шикізат шығаратын болса салық жоғары болады. Бұл өндірістік дамуды ынталандыратын маңызды қадам», — деді Олжас Бектенов.
Дегенмен үкіметтің бұл шешімі шикізат өндірушілерді шығынға ұшыратуы мүмкін. Былтыр баж салығына байланысты еліміздің күнбағыс дәнін өндірушілері қиын жағдайға тап болғанын айтқан еді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение