Мәзір

Өнген астықтың тоннасына Қазақстанда 65 мың теңгеге дейін ұсынып жатыр

11.09.2023
Өнген астықтың тоннасына Қазақстанда 65 мың теңгеге дейін ұсынып жатыр

Жаздың соңы мен күздің басындағы жауын-шашын астықтың ысырап болуына әкеліп соқтырады. Бірақ осындай ауа райы майлы дақылдардан жоғары өнім алуға мүмкіндік береді. Ақмола облысындағы ірі агрокомпанияның өкілі Ерболат Қармамбаев осындай пікір бөлісті. Бұл жөнінде World of NAN порталы Қазақстан астық одағына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Маманның айтуынша, Ақмола облысында жаңбыр 22 тамызда басталып, содан бері егістік алқаптарға 40-55 мм жауын-шашын түсіп үлгерген. Бұл өткен вегетациялық маусымда егістік алқабы алған бүкіл ылғалдың жартысына тең.

Піскен дәннің ылғалдылығының жоғарылауы астықтың дестеде де, тамырда да өніп шығуына апарып соқты. Соның салдарынан мұндай астық тұқым ретінде пайдалануға да, ұнға өңдеуге де жарамайды.

«Егістік алқабында қалған астықтың сапасы қиын жағдайда», - дейді Ерболат Қармамбаев.

Дегенмен жауын-шашынның пайдасын көрген дақылдар да бар. Рапс пен күнбағыс сәл кейінірек жиналатындықтан, жауын-шашын олардың вегетациялық кезеңіне жақсы әсер етті. Олардың дәнектері ылғалдығы жеткілікті жағдайда дамып, бұл майлы дақыл еккен фермерлерге қосымша рентабельділік бермек.

«Бұрын әртараптандыруды ойлаған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ауыспалы егісінде майлы дақылдардың үлесі жоғары болса, кейбіреулері үшін бұл көрсеткіш 30%-ға жетеді. Олар төмендеген астық сапасы үшін табиғаттан өтемақы ала алады», - деді Ерболат Қармамбаев.

Синоптиктер Қазақстанда жаңбыр 17 қыркүйекке дейін жалғасады деп хабарлайды. Тымық күндері диқандар көктеп шыққан бидайды шауып, оны сатудың мүмкіндіктерін қарастырады. Дәндегі ақуыз мөлшері жеткілікті деңгейде болса (кем дегенде 12,5%), нарықта мұндай өнімді алуға дайын сатып алушылар бар. Алайда мұндай астықтың бағасы әлі де төмен болып тұр: тоннасы 55-65 мың теңге. Ал Ресейде көктеп шыққан астық тоннасына 10 мың рубльден сатылып жатыр.

Бұл ретте нарықта жоғары сапалы бидайдың қымбаттауы жалғасып отыр, оның бағасы тоннасына 100 мың теңгеден асты. Сондай-ақ, трейдерлер Орталық Азия арналған (DAP Сарыағаш) 3 класты бидайдың экспорттық бағасы тоннасына 275-285 долларға дейін өседі деп күтіп отыр. Бұған дейін баға тоннасы 230-235 доллар болатын.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии