Мәзір

Ауа райы шарттары күздік дақылға қауіп төндірді

06.03.2024
Ауа райы шарттары күздік дақылға қауіп төндірді

Ақпанның үшінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік бидай өсірілетін аудандарында әдеттегіден суық ауа-райы орын алған, ауа температурасының аномалиясы минус 3...7°C дейін төмендеген, жауын-шашын нормадан аз, тек оңтүстіктің жеке аудандарында нормаға жуық болған.  Бұл туралы World of NAN Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік-шығыста тегіс 1-4 күн бойы,  оңтүстікте 2-7 күн бойы жылымық болған. Күндізгі оң және түнгі теріс ауа температурасы минус 12...14ºС дейін және оңтүстік-шығыста минус 7...15ºС дейін, кей жерлерде минус 27...28ºС дейін ауысқан кезде өткен қарқынды жылымық, нашар дамыған күздік бидай үшін қауіпті болуы мүмкін (даму кезеңі: көктеу - 3-ші жапырақ).

Алматы, Жетісу облыстарының күздік дақылдар өсірілетін аудандарында ауаның орташа онкүндік температурасының 5...8ºС төмендеуі, қар жамылғысы биіктігінің 2-9 см 13-26 см дейін болуы, бұл өсімдіктерге қорғаныш болған. Күн суытқан кезеңде қар жамылғысының биіктігі 10 см төмен болған Жетісу облысының жеке аудандарында топырақ бетінің минималды температурасының минус 28°С дейін төмендеуі, бұл күздік дәнді дақылдар үшін қауіпті болған және олардың әртүрлі дәрежеде зақымдануына әкелуі мүмкін.

Онкүндікте жауын-шашын мөлшері 5-11 мм, топырақтың қату тереңдігі 43-64 см болған. Күздік бидайдың түптену түйіні тереңдігіндегі (3 см) топырақтың минималды температурасы минус 5...8°С болған.

Жамбыл және Түркістан облыстарында ауаның орташа онкүндік температурасы 5...8ºС төмен болған, онкүндіктің соңғы күнінде қар жамылғысы 1-3 см 9 см дейін жеткен, кей жерлерде болмаған, бұл ауа температурасы төмендеген кезде дақылдардың қыстау жағдайларына әсер етуі мүмкін.

Онкүндікте жауған жауын-шашын мөлшері 5-10 мм құраған, бұл нормадан төмен, кейбір аудандарда шамамен 18-22 мм. Топырақтың қату тереңдігі 2 см 17 см дейін болған. Күздік бидайдың түптену түйінінің тереңдігіндегі (3 см)  топырақтың минималды температурасы минус 3°С болған.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың басым аумағында күздік бидайдың қыстауы үшін қанағаттанарлық агрометеорологиялық жағдайлар болған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии