Мәзір

Шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған жердің 66%-ы өңделді

25.06.2024
Шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған жердің 66%-ы өңделді

Ақтөбе және Қостанай облыстарында мониторинг нәтижелері бойынша қосымша аумақтар шегірткеге қарсы өңделіп жатыр. Бұл жөнінде World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Атап айтқанда, шегірткенің ұшуы байқалған Ақтөбе облысының Алғын ауданында жоспарланған 41 570 гектардың 39 570 гектары өңделген. Экономикалық зияндылық шегінен асатын жаңа үйірлер анықталған кезде өңдеу шаралары жедел жүргізіледі. Жалпы, өңірлерде дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтар дайын күйде.

Шекаралас аймақтардағы жағдайға ерекше назар аударылды. Ақтөбе облысының Әйтекеби ауданында Ресей Федерациясымен шекаралас 104 шақырым аумақта тосқауылдық химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 219 шақырымдық шекарамен 195 шақырымды өңдеу жоспарлануда. Ресей тарапының мәліметінше, Орынбор облысында 22 мың гектар, ал Қазақстан Республикасымен шекаралас 10 шақырым жер өңделген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии