Мәзір

Отандық ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы жоғары

25.06.2024
Отандық ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы жоғары

Қазақстанда өндірілген сүт өнімдерінің сапасы жоғары, ал бағасы қымбат. Тұтынушылар шетелдік арзан өнімдерді көбірек тұтынады. Министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, халықтың отандық өнімдерді көптеп алуы үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі, Денсаулық сақтау министрліктерінің көмегі қажет, деп хабарлайды World of NAN.

«Импорттың негізгі үлесін кілегей, май, құрғақ сүт, ірімшік және сүзбе алады. Тек соңғы жылдың өзінде сүт өнімдерінің импорты шикі сүтке қайта есептегенде 2022 жылғы 580 мың тоннадан 2023 жылы 800 мың тоннаға дейін өсті. Арзан импорттың қысымынан басқа, біз өз дайын өнімдеріміздің жоғары өзіндік құнын байқап отырмыз. Мәселен, сары майды алайық. Қазақстанда өндірілген майдың өзіндік құны – келісіне 3100 теңге. Ал импорттың орташа бағасы – келісіне1800-2300 теңге», - деді Айдарбек Сапаров.

Бұған техникалық регламенттер және тұтынушылардың өнімнің құрамы мен сапасы туралы хабарсыз болуы әсер етіп отыр. Салдарынан мұндай бәсекелестік ішкі өндіріске кері әсерін тигізеді.

«Сапасы төмен өнімдер мәселесін шешу үшін жауапты мемлекеттік органдардың қолдауы керек. Яғни халық арасында елімізде өндірілетін сапалы өнім жайында кеңінен мәлімет беру керек. Бұл мәселеде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауы қажет», - деді министр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии