Кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында 40 жылдан бері алғаш рет «Қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын селекциялау үшін іріктеу әдісіне» патент алынды. Өнертабыс ауыл шаруашылығы жануарларын өсіруге, атап айтқанда қазақтың ақбас сиыры тұқымын сұрыптауға қатысты. Өнертабыс малдың салмағын 10%-ға, сойылған салмақтағы өнімділігін 56%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы World of NAN порталы АПК Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Дастанбек Баймұқанов айтқандай, патент авторлары сұрыптау кезінде тірі салмақтың минималды параметрлеріне сай қатаң бағалап, іріктеуді ұсынды. Осы мақсатта көп жылдық зерттеулер негізінде (40 жылдан астам) іріктеп алудың минималды параметрлері өзгертілді. Бұл бұқаның ең төменгі салмақтық көрсеткіштері 2 жаста – 550 кг, 3 жаста – 650 кг, 4 жаста – 750 кг, 5 жастан жоғары – 820 кг, сиырдың 3 жаста – 425 кг, 4 жаста – 475 кг, 5 және одан жоғары жасқа жеткенде – 520 кг болуына мүмкіндік береді.
«Бұл өнертабыстың патент түрінде енгізілуі қазақтың ақбас тұқымы бұзауларының сойыс өнімділігін 2 жылда 50,0-51,4%-дан 54,5-55,0%-ға, 3 жылда 52,5-53,2%-дан 54,8-56,1%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - дейді ол.
Өнертабыс дәстүрлі әдіспен салыстырғанда малдың тірі салмағын кем дегенде 10%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми жетістіктің авторлары – «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті» (Орал қаласы), «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығындағы» (Астана қаласы) қазақстандық ғалымдар мен Ресейдегі Тимирязев атындағы зоотехника және биология институтының ғалымдары.
«Қазақтың ақбас тұқымының асыл тұқымды ірі қара малын бағалау және іріктеудің тиімді әдісін әзірлеуді Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының көптеген ғылыми және оқу орталықтарының ұжымдары жүргізді. Дегенмен, біздің ғалымдар тобы табысқа жетті. Бұл жетістік қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасымен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Ұсынылған әдісті қолдану қазақтың ақбас тұқымының асыл тұқымды ірі қара малын ірілендіруге мүмкіндік берді», - деді Д.Баймұқанов.
Өнертабыc 2023 жылдың 21 шілдесінде Ресей Федерациясының өнертабыстары мемлекеттік тізілімінде ресейлік пантент ретінде тіркелді.
Патент иесі – «Ресей мемлекеттік аграрлық университеті – К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение