Мәзір

Отандық ғалымдар суды спутник арқылы бақылайтын жоба әзірледі

02.07.2024
Отандық ғалымдар суды спутник арқылы бақылайтын жоба әзірледі

Қазақстандық ғалымдар спутниктік деректер арқылы су деңгейін бақылайтын жоба әзірледі. Оның басты ерекшелігі – су көлемін датчиктерсіз-ақ білуге мүмкіндік береді. Бұл жөнінде World of NAN порталы Су ресурстары министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жоба авторлары әзірлемемен соңғы 7 жыл бойы айналысып келеді. Жаңа технология NASA және басқа да озық талдау орталықтарында қолданылатын компьютерлік алгоритмдерді пайдаланады, бұл адами факторды азайтады.

Алгоритм тек жерсеріктік суреттерге ғана емес, сонымен қатар далалық зерттеулер аясында жиналған мәліметтерге де негізделген. Мысалы, нақты бір аймақта өсірілетін дақыл түрлері назарға алынады.

Әзірлеме авторларының айтуынша, жүйе осыған дейін есеп жүргізілмеген егіс алқаптарында су мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл белгілі бір учаскеге қажет судың нақты көлемін анықтау және артық шығынды азайту үшін қажет. Авторлар мысал ретінде жүйеге жиналған Түркістан және Жамбыл облыстарына қатысты деректерді көрсетті.

«Суару каналдарының тиімділігін бағалау үшін мұндай технологиялар өте маңызды. Бұл өз кезегінде суару жүйелерін реконструкциялау мәселесі қаншалықты өзекті екенін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, суармалы алқаптарға нақты жеткізілген судың көлемін келісімшартта көрсетілген деректермен салыстыру арқылы судың «қара нарығымен» күресуге де көмектесуі мүмкін. Біз бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жаңа технологияларға көшумен қатар заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу арқылы да кешенді жұмыс атқару қажет», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии