Ресейде тауық етінің бағасы тағы да шарықтап кетті. Дегенмен Қазақстан құс өсірушілер одағы көрші елдегі жағдай Қазақстан нарығына әсер етпейтінін айтады. Олар Ресейден гөрі АҚШ-тан келетін импорт көлемі жоғары екенін айтып, оны шектеуге шақырады. Бұл жөнінде World of NAN порталы АПК-Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Қазақстан Ресей Федерациясынан құс етін импорттайды. Статистикалық мәліметтер бойынша, 2022 жылы импорт 11,9 мың тоннаны, 2023 жылы 18,6 мың тоннаны, 2024 жылдың 3 айында 12,5 мың тоннаны құрады. Бірақ Ресейдегі баға секірісі Қазақстандағы бағаға әсер етпейді. Отандық өнімдердің бағасы ресейлік өнімнен төмен. Бізге импорт ұлғаймайды. Керісінше, Ресей Федерациясында бағаның өсуімен импорт азайып, отандық өндірушілер өз өнімдерін бәсекесіз өткізе алады деп ойлаймыз», - деді Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.
Қазақстанға тауық етін экспорттайтын негізгі ел Ресей емес. 2023 жылы импорт 152 мың тоннаны құраса, оның 56,3 мың тоннасы ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь), ал 80,6 мың тоннасы АҚШ-қа тиесілі болған. Руслан Шәріповтың айтуынша, Қазақстан сырттан келетін тауық етінсіз күн көре алады. Өйткені отандық өндірушілер жылдан жылға өндіріс көлемін арттырып келеді.
Құс өсірушілер одағы импорттан толығымен бас тарту үшін бұл өнім түріне тарифтік квотаны азайтуды сұрайды.
«Біз АҚШ-тан келетін құс етіне салынатын тарифтік квоталарды 50 мың тоннаға дейін төмендету туралы мәселені бірнеше рет көтердік, өйткені құс етін импорттау отандық өндірушілер үшін маңызды мәселе болып отыр. Жыл сайын тарифтік квота 140 мың тонна деңгейінде бекітіледі. АҚШ-та өндірілген тауық сирақтары ішкі нарыққа демпингтік бағамен көп мөлшерде кіріп жатыр», - дейді Одақ президенті.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізде құрал-жабдық, премикстер мен витаминдер, ветеринарлық препараттар шығаратын өндіріс орындары, жеке асыл тұқымды базасы жоқ. Сондықтан отандық құс шаруашылығы шетелдік өндірушілермен бәсекелесе алмайды.
Бұл ретте сырттан әкелінетін құс етінің, атап айтқанда тауық аяқтарының сақтау мерзімін анықтау мүмкін емес, олар мұздатылған күйде әкелінеді. Руслан Шәріпов бұлар АҚШ Қарулы күштерінің резервінен шыққанын айтады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение