13 ақпан күні «ҚазАзот» зауыты төл өнімін алғаш рет Каспий теңізі арқылы экспортқа шығарды. Бұл туралы World of NAN компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өнім Әзербайжанның Говсан портына барып, әрі қарай Грузияның Батуми теңіз портына жіберіледі. Сөйтіп алдағы уақытта Қазақстанда өндірілген аммиак селитрасы көлік-логистикалық тізбек нәтижесінде бүкіл әлем бойынша соңғы тұтынушыларға жөнелтіледі.
Бұл Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің, Транскаспий халықаралық көлік маршрутының, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ, «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС, «Каспор-Транссервис» АҚ, ADY Express, «Батуми теңіз порты» сияқты ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл компанияның экспорттық әлеуетін әртараптандыруға мүмкіндік береді.
2024 жылы аммиак селитрасын 50 000 тоннадан астам көлемде Транскаспий халықаралық көлік маршруты арқылы Поти және Батуми порттарына жөнелту жоспарланып отыр.
Ұйымның баспасөз хабарламасында бұл маршрутты пайдалану кәсіпорынға жаңа халықаралық нарықтарға аммиак селитрасын жеткізу және қазақстандық тауардың бүкіл әлемге танымалдығын арттыруға мүмкіндік беретіні жазылған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение