Қазақстандық тыңайтқыш өндірушілер өз өнімін Бразилияға жеткізуді жоспарлап отыр. Мұны «QazTrade» АҚ баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды World of NAN.
Өткен аптада Сан-Паулуда ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаровтың қатысуымен «Бразилия-Қазақстан: инвестициялық және сауда мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткен.
Бразилияда тыңайтқышқа сұраныс жоғары, сондықтан дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстаннан тыңайтқыш жеткізуді ұлғайту шарттары туралы пікір алмасты.
QazTrade баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазазот» АҚ және «Қазфосфат» ЖШС қазақстандық компаниялары онлайн презентациялар жасап, Бразилияға өз өнімдерін жеткізу бойынша әлеуетті серіктестермен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылаған.
Екі тарап жеке бизнес жобаларды іске асыру және екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жұмыс топтарын құруға келісті.
Тамыз айының басында EnergyProm шолушылары Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып, Қазақстанда тыңайтқыш өндірісі қатты құлдырағанын, елімізде азот тыңайтқыштар өндірісі 10 пайызға, ал фосфор тыңайтқыштар өндірісі 14 есеге азайғанын хабарлаған болатын. Ал бірнеше апта бұрын Маңғыстаудағы электр стансасындағы апатқа байланысты «Қазазот» өз жұмысын уақытша тоқтатқаны хабарланды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение