Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли қазақстандық ғалымдардың патенттелген селекциялық жетістіктері туралы айтты. Бұл туралы World of NAN порталы inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
1999 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасының патент жүйесінің барлық кезеңінде селекциялық жетістіктерге барлығы 1145 патент берілді. Оның 168-і мал тұқымына, 947-сі өсімдік сорттарына арналған. Кейінгі 3 жылда 199 патент берілген, оның 21-і мал тұқымына, 178-і өсімдік сорттарына тиесілі.
«Қазақстанда бидайдың әртүрлі сорттары табысты дамып келеді. Бүгінгі таңда 300-ден астам сорт тіркелген. «АйКерім», «Сыр сұлуы» сынды алманың 50-ден астам, күріштің 15-тен астам сорттары бар», - деді Талғат Уәли.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение