Мәзір

Өткен жылы Қазақстанда 145 млн гектар жер цифрландырылды

01.03.2024
Өткен жылы Қазақстанда 145 млн гектар жер цифрландырылды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда барлығы 145 млн га ауыл шаруашылығы жерлері немесе еліміздің ауыл шаруашылығы алқаптары аумағының 77%-ы цифрландырылды. Бұл туралы World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Пайдаланылмай жатқан және заң бұзушылықпен берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссияның алдында 2024 жыл үшін жұмысты қайта форматтау және өңірлердегі халықты жайылымдармен қамтамасыз ету міндеті тұр. Вице-премьер С. Жұманғариннің төрағалығымен өткен комиссияның кезекті отырысында осы бағытта не істелгені, сондай-ақ жоспарлар талқыланды.

Жинақталған мәселелерді шешу және жер саласындағы жағдайды жақсарту үшін Үкіметте бірқатар кешенді тәсіл мен жүйелі шара әзірленіп жатыр. Олардың ішінде қызмет көрсетудің қағазсыз форматына көшу және жер учаскелерін беру рәсімін автоматтандыру бар. Министрліктің хабарлауынша, жер мәселелеріне байланысты барлық рәсімді цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және жергілікті жерлерде жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.

«Қайтарылған жерлер бірінші кезекте ауылдар мен аудандардың тұрғындары үшін жайылым тапшылығын төмендетуге тиіс. Шалғайдағы жайылымдарды пайдалану қажет. Мұны қалай жасау керектігін келесі отырысқа дайындауды тапсырамын. Сондай-ақ жайылымдарды жоспарлы басқаруды қамтамасыз ету, олардың деграациясын болдырмауға назар аудару және ауылдық жерлерде цифрландыру мәселесін шешу қарқынын жеделдету қажет. ЦДИАӨМ ӨҚМ және әкімдіктермен бірлесіп, оның техникалық дайындығын қамтамасыз ете отырып, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпарат жүйесінің бар кемшіліктерін пысықтауы қажет», — деді отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин.

Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруды 2025 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии