Мәзір

Түрік компаниясы сыйымдылығы бес мың тонналық көкөніс қоймасын тұрғызады

25.07.2024
Түрік компаниясы сыйымдылығы бес мың тонналық көкөніс қоймасын тұрғызады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы «Saraylim Tarim» басқарма төрағасы Ылыджа Мұстафамен кездесті. Бұл туралы World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. «Saraylim Tarim» Түркия Республикасында жеміс-көкөніс сақтау саласының көшбасшысы болып саналады. Кәсіпорын қоймаларының сыйымдылығы – жылына 14 мың тонна жеміс-жидек, өңдеу қуаттылығы – жылына 35 мың тонна.

«Saraylim Tarim» өнімдері 18 елге экспортталады. Компания сыйымдылығы бес мың тонна көкөніс сақтайтын қойма салуға мүдделі. Жобаның құны шамамен 15 миллион АҚШ долларын құрайды. Ылыджа Мұстафа жобаның Алматы облысында жүзеге асырылатынын, қазақстандық серіктестің қазірдің өзінде анықталғанын айтты.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии