Мәзір

Өзбек ғалымдары жеуге жарамды вакцина-қызанақ жасап шығарды

15.01.2024
Өзбек ғалымдары жеуге жарамды вакцина-қызанақ жасап шығарды

Өзбек ғалымдары алғаш рет қызанақ өсімдігінен тікелей тұтынуға болатын генетикалық векторлар мен қызанақ өсімдігіне негізделген коронавирус инфекциясына қарсы жаңа буын COVID-19 вакцинасын жасады. Бұл туралы World of NAN порталы uza.uz агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ғалымдар коронавирустың S1 антиген ақуызын кодтайтын ген фрагментін арнайы векторларға салып, оны қызанақ жасушасының геномына енгізген. Бұл жасушалардан S1 антиген белогын үнемі өндіретін қызанақ өсімдігі алынды. Мұндай өсімдіктерден алынған қызанақ жемісінде 0,77 мкг/гр мөлшерде S1 антиген белок синтезі бар екендігі анықталып,  «TOMAVAC» вакцинасы ретінде таныстырылды.

«TOMAVAC» вакцинасының сынағы тышқандар мен ерікті азаматтарға жүргізіліп, қан сарысуында (IgG) және ішекте жоғары деңгейде бейтараптандыратын антиденелер (IgA) қалыптастыратынын дәлелдеді. Сынақ барысында тышқандар мен еріктілерде жағымсыз жанама әсерлер байқалмаған.

Бұл зерттеу «TOMAVAC» екі кезеңдік (ішек шырышты қабаты және қанда) қауіпсіздікті қамтамасыз ететін вакцина екенін көрсетті және ғылыми қауымдастыққа бірінші тікелей тұтынуға арналған COVID-19 вакцинасы ретінде ұсынылды.

Вакцина бойынша зерттеулер беделді халықаралық «Frontiers in Nutritional Immunology» журналында жарияланып, тышқандар мен ерікті адамдарда жүргізілген бірінші кезеңдегі иммуногендік және биоқауіпсіздік сынақтарының нәтижелері ұсынылды.

Өзбекстандық медианың хабарлауынша, бұл коронавирусқа қарсы әлемдегі тұңғыш жеуге жарамды вакцина.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии