Өзбекстан 2024 жылдың соңына дейін өсімдік майларына нөлдік импорт салығын белгіледі. Бұл туралы World of NAN порталы norma.uz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өзбекстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ТН ВЭД 1512 кодты күнбағыс, мақсары және мақта майы мен олардың фракцияларының (тазартылған және тазартылмаған) импортына нөлдік кедендік баж салығы белгіленді.
Norma.uz хабарлағандай, бұл шара Өзбекстан президентінің жарлығына сай қабылданған.
Мұндай шешім өнімге ішкі сұранысты қанағаттандыру және инфляцияны тежеуді мақсат етеді. Өзбекстан Қазақстан күнбағыс майының ең ірі тұтынушыларының бірі болып саналады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение