Павлодар облысының Шарбақты ауданында қуаттылығы тәулігіне 1200 тонна май тұқымын өңдейтін май-экстракция зауытын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен инвестициялық штабтың отырысында айтылды, деп хабарлайды World of NAN.
Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап өткендей, зауытта шығарылатын өнімнің негізгі түрлері күнбағыс майы мен күнжара болмақ. Кәсіпорында 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Отырыс барысында жобаны қаржыландыру, болашақ зауыт аумағынан жақын жерде өтетін теміржол тармағының мәртебесін өзгерту, инженерлік желілерді жүргізу, сондай-ақ, күнбағыс өсіруге ауыл шаруашылығы жерлерін беру мәселелері талқыланған.
Павлодар облысы Қазақстандағы күнбағыс өндірісі бойынша көшбасшы өңірлердің бірі. Ресми статистикаға сәйкес, құрғақшылық болған 2023 жылы облыста майлы дақылдардың түсімі 110 мың тоннаны құраған (орташа өнімділік 4,9 ц/га). Ал 2022 жылы Павлодар облысында күнбағыстың жалпы өнімі жоғарырақ болды – 160,5 мың тонна (8,2 ц/га).
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение