Мәзір

Павлодар облысында ресейлік бидайды жалған құжатпен көлеңкелі импорттау анықталды

25.07.2023
Павлодар облысында ресейлік бидайды жалған құжатпен көлеңкелі импорттау анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Ресей бидайын қазақстандық өнім ретінде экспорттау үшін жалған келісім-шарттармен заңсыз әкелу схемасын анықтады. Астық Қазақстанға әкелініп, кейін Қазақстан өнімі ретінде басқа елдерге экспортталған, деп хабарлайды World of NAN.

Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, күдікті азамат 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім деп жазылған жалған шот-фактурамен 1 млрд теңгеден астам сомаға экспорттаған.

Осылайша, жалпы сомасы 460 млн теңгені құрайтын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлемеген.

Қазіргі сәтте сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қаржылық мониторинг агенттігі ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сүйене отырып, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілмейтінін айтады.

Кейінгі бір жарым жылда Павлодар облысында 5,4 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар бергені үшін 5 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии