Ресейлік астықты әкелуге тыйым Қазақстанның шекаралық аймағындағы ұн тарту ісін тоқтатып тастады. Павлодар облысының өңдеушілер қауымдастығы өкілдері ел президентіне жолдаған үндеуінде осыны алға тартады. Ұн тартушылар бидайды кәсіпорындарға автокөлікпен әкелуге рұқсат беруді сұрады. Бұл туралы World of NAN порталы АПК Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Павлодар облысының қайта өңдеушілер қауымдастығы ел президенті Тоқаевқа, вице-премьер Жұманғаринге, ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеевке, «Атамекен» палатасының басшысы Баталовқа, ҰҚК төрағасы Сағымбаевқа, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Жұмағалиға және Павлодар облысының әкімі Байхановқа үндеу жолдаған.
«Сіздерге Павлодар облысындағы бүкіл ұн тарту өнеркәсібінің атынан Ресейден автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу мерзімінің ұзартылуына байланысты өтінішпен жүгініп отырмыз. Бұл тыйым (Қазақстанның) ішкі және оңтүстік өңірлері үшін ғана тиімді, өйткені олар шикізатты әрдайым теміржол арқылы сатып алған, бірақ бізге, солтүстіктегі шекаралас облыстарға тиімді емес», - делінген үндеуде. Оның мәтінін қайта өңдеушілер қауымдастығы АПК Новости агенттігіне ұсынған.
Олар ұсынған ақпаратқа сәйкес, астықты автомобильмен әкелуге тыйым салу көптеген қосымша шығындарды тудырады:
1. Әрбір кәсіпорынның астықты теміржол арқылы қабылдауға тұйық жолы мен қажет құрал-жабдығы бола бермейді.
2. Қысқа қашықтыққа вагонмен тасымал ұйымдастыру өте қиын, өйткені вагон иелеріне бұл тиімсіз.
3. Астықты тікелей ұн тартатын кәсіпорынға емес, лицензиясы бар элеваторға жеткізген кезде элеватор қызметіне ақы төлеп (қабылдау, сақтау және жөнелту ақылары), сондай-ақ астықты Астанадағы лицензиясы бар кәсіпорыннан ұн комбинатына автокөлікпен тасымалдауға кеткен шығындарды ұн тартушылар өз мойнына алуы керек.
4. Тасымалдау процесін ұйымдастыру әлдеқайда күрделеніп, жеткізу уақыты ұзарады.
«Жоғарыда аталған мәселелер шекараға жақын маңдағы ұн тарту кәсіпорындарын тығырыққа тірейді, өйткені мемлекеттің өзі олар үшін бәсекеге қабілетсіз жағдай қалыптастырып, күйреу мен банкротқа ұшырау үшін барлық жағдайды жасауда», - дейді ұн тарту бизнесінің өкілдері.
Олар Павлодар облысындағы астық өңдеушілердің жағдайы өте қиын екенін айтады. Барлық сауда базарлары ресейлік ұнға толы. Биыл облыста қатты қуаңшылық болып, ол бидайдың сапасы мен өнімділігіне әсер еткен.
«Осыған байланысты, бізге, Павлодар облысының ұн тартушыларына тізімге сәйкес кәсіпорындарға автокөлікпен бидай әкелуге рұқсат беруіңізді сұраймыз», - делінген үндеуде.
«Біз көлеңкелі импортты (серые схемы) қажет деп санаймыз және дұрыс жолмен шекарада өңдеуге болады. Мұндай шешім қабылданбай тұрып міндетті түрде елдегі барлық кәсіпорынға, әрбір кәсіпкерге қабылданғалы жатқан шешім қалай әсер ететіні талдануға тиіс. Еліміздің өңдеу саласы мен экономикасының мүддесі назардан тыс қалмай, сіздердің тараптан тиісті түсіністік пен қолдау табады деп сенеміз», - делінген хатта.
Құжатқа Павлодар облысы өңдеушілер қауымдастығының төрайымы Жанар Серімова қол қойған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение