Мәзір

Су тасқыны: елімізде барынан айырылған фермерлер бар

19.04.2024
Су тасқыны: елімізде барынан айырылған фермерлер бар

Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен фермерлер жайлы нақты мәлімет жоқ. Алайда тасқын су шаруа қожалықтарын айналып өтпеді, кейбіреуі малынан айырылды, ал кейбірінің тұқым мен техника қоймаларын су басып қалды. Бұл туралы World of NAN порталы 24.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен қатар, егістік алқабын басқан тасқын су эрозиясына әкелетінін ескерген жөн. Су топырақтың жоғарғы құнарлы қабатын шайып тастауы мүмкін, осыған байланысты бұл алқаптардан жақсы өнім күтуге болмайды.

«Су эрозиясынан кейін бірдеңе өсіру қиын. Бұл алқаптар бір жыл бойы тыңайған күйде қалуы керек. Не болмаса басқа да дәнді дақылдар себесіз», - деп қосты Қазақстан фермерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов.

Сонымен қатар, бүгінгі күні зардап шеккен егістік алқаптарына нақты баға берілген жоқ. Қазақстан фермерлер қауымдастығы мұндай жерлерді ешкім санап жатпайтынына сенімді. Өйткені нақты іс-әрекеттер алгоритмі жоқ.

«Барынан айырылған фермерлер бар. Жақында Қостанай облысы Амангелді ауданының фермерімен кездескен едік. Ол қыстауда бөлек тұрады. Онда малы, техникасы бар. Бір күнде малынан да, техникасынан да айырылды. Ол шамамен 300 миллион теңге шығынға ұшырағанын есептеген. Ал бұл ақшаны екі-үш жылда қалпына келтіру мүмкін емес», – дейді Әкпар Мәуленов.

Фермерлерді алда шығындарды санау күтіп тұр. Фермерлер қауымдастығы зардап шеккен фермерлердің екінші деңгейлі банктердегі, Аграрлық несие корпорациясы мен «Қазагроқаржыдағы» несиелік қарыздарын кешіруді ұсынып отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии