Елімізде қажет сүт-шикізат көлемінің жетіспеуі себебінен сүт өңдеу зауыттарының жүктемесі 77% -дан аспай отыр. Қазақстанда қуаттылығы 2,5 млн тонна өнім шығаратын жалпы саны 172 сүт өңдеу кәсіпорыны жұмыс істейді. Үкімет бұл проблеманы шешу үшін сүт-тауар фермаларының желісін құруға биыл 100 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды World of NAN.
2021 жылғы құрғақшылық пен азық-түліктің қымбаттауына байланысты шаруашылықтар мал басын азайтты, бұл сүт жинау көлемінің төмендеуіне әкелген. Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы мәселені шешу үшін еліміздің барлық өңірінде сүт-тауар фермаларының желісі құрылып, СҚО тәжірибесін көбейту бағытында жұмыс істемек. Оған биыл 100 млрд теңге бөлінген. Жылына 373 мың тоннаға дейін сүт өндіретін 65 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. «Несиелеу қағидаларының жобасы әзірленді, оған сәйкес несие мерзімі 10 жылға дейін, несиенің ең жоғары сомасы – 5 млрд теңге, сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5% - дан аспайды», – дейді министрлік.
Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған сүт өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту бойынша 20-ға жуық инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр екен.
Министрліктің хабарлауынша, бұл жобалар сүт өнімдеріне ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге және отандық сөрелердегі импорттық тауарлардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, министрлік хабарламасында елімізде өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына өзгерістер күшіне енгені айтылады. Инновациялар сары май, мен қатты ірімшік сияқты және құрғақ сүт өнімдердің өндірісі мен нарыққа шығуын арттыруды көздейді. Қағидаларда субсидияларды есептеу тек көрсетілген өнімдерді өндіру үшін шикі сүтті жұмсау бойынша жүргізіледі.
Министрліктің айтуынша, енгізілген өзгеріске сәйкес, субсидияны төлеу үшін ең маңызды көрсеткіш – сатылған өнімнің көлемі болады, ол өндірушінің ЭШФ немесе банктік төлем құжаттары арқылы ақша түсуімен расталады.
«Бұл тәсіл мемлекеттік қолдаудың осы түрінің тұжырымдамасына толық сәйкес келеді, өйткені өнімдерді сата отырып, өндірушілер ішкі нарықты импортқа тәуелді азық-түлік түрлерімен қанықтыруға тікелей қатысады», - дейді ведомство.
Дегенмен өндірушілер субсидиялаудың бұл әдісі тиімсіз екенін айтады. Олар субсидияның тауар өндіріліп, дүкенде сатылып болған соң ғана түсетінін, ал бұл процеске бірнеше ай уақыт кететінін алға тартады. Өндіруішілердің түсіндіруінше, қаржылай қолдау өнімді сатып болған соң емес, өнімді шығарып жатқан сәтте көбірек қажет.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение