Мәзір

Жамбыл облысында жүгері өңдеу өндірісі іске қосылады

25.12.2023
Жамбыл облысында жүгері өңдеу өндірісі іске қосылады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездекен отандық бизнес өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және білім беру саласында инновациялық технологияларды енгізу бойынша инвестициялық жобаларын таныстырды. Бұл туралы World of NAN порталы облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Primus Capital» ЖШС директоры Сапарбек Тұяқбаев өңірде жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Кәсіпорынның бастапқы қуаты – жылына 160 мың тоннадан асса, кейіннен бұл межені 330 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген.

С.Тұяқбаев облыстың географиялық қолайлығы және өңірдегі жоғары өнімділік қысқа мерзімде экспорттық жеткізілімдерді жолға қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии