Мәзір

Елордада АӨК өнімдерін қайта өңдеу жолға қояды

22.09.2021
Елордада АӨК өнімдерін қайта өңдеу жолға қояды

Нұр-Сұлтанда 2024 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде 10 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды World of NAN LS-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, елордада 2022 жылы қуаттылығы жылына 7 мың тонна көкөніс болатын жылыжай кешені іске қосылады. Жоба 15 млрд теңгеге бағаланып отыр. Осындай тағы бір нысанның ашылуы 7,7 млрд теңгені құрайды. Бұл жылыжайдың іске қосылуы 2023 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда 5,4 млрд теңгеге толық циклді жоғары технологиялық ет өңдеу кешені іске қосылатын болады. Жобаның қуаттылығы 20 мың тонна ет өнімдерін құрайды. Іске асыру мерзімі – 2020-2022 жылдар.

Келесі жылы қалада 1,2 млрд теңгеге сүт өңдеу өндірісі іске қосылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 18 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 5,5 мың тонна болатын 900 млн теңгеге нан-тоқаш комбинаты салынады. Көкөніс қоймасын ашу 500 млн теңгені құрайды, қуаттылығы - 6 мың тонна сақтау.

Тағы бір отандық компания жалпы құны 1,8 млрд теңге болатын үш жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Қалада ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, мұздатылған кондитерлік өнімдер, аспаздық өнімдер шығаратын зауыттар жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, дайын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі 500 млн теңгеге ашылады. Тағы бір қазақстандық компания 2 млрд теңгеге азық-түлік өндіру кешенін іске қосады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии