Бүгiн Петропавлда заманауи көтерме-тарату орталығы ашылды. Жаңа нысанның жұмысымен өңiр басшысы Құмар Ақсақалов танысты, - деп хабарлайды World of NAN Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл өңiрдегi әрі сатуға, әрі сұрыптауға арналған сақтау қоймалары бар алғашқы орталық. Оның салынуына 1,9 миллиард теңге инвестиция жұмсалған екен.
Жаңа нысан 60 адамды жұмыспен қамтамасыз етедi. Кешенде 2 мың тонналық көкөнiс қоймасы және 10 мың тонна өзге де азық-түлікке арналған қоймалар бар.
«Заманауи орталықтың ашылуы бизнес үшiн қолайлы жағдай туғызды. Бұрын кәсiпкерлер делдалдар арқылы жұмыс iстейтiн. Ендi делдалдар мен сатушылар ұзақ сауда тiзбегiнен шығарылды. Бұл бизнес шығындарын оңтайландыруға мүмкiндiк бередi», - дедi Құмар Ақсақалов.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение