Мәзір

Петропавлда тіркемелі техника шығаратын өндіріс ашылады

05.12.2023
Петропавлда тіркемелі техника шығаратын өндіріс ашылады

Солтүстік Қазақстан облысында тіркемелі техникаларды шығару өндірісі іске қосылмақ. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, ресейлік серіктестермен бірлесіп генератор, тіркеме мен соқа өндірісі жолға қойылып, германиялық «Рейманн» компаниясының техникалары шығарылады. Бұл туралы облыс әкімі өңірдің экономикалық дамуы туралы брифингте айтты, деп хабарлайды World of NAN.

Қазақстанның әр аймағындағы машина-трактор паркінің тозуы күрделі мәселе күйінде қалып отыр. Республикада бұл көрсеткіш 80 пайызды құраса, Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы паркінің тозуы – 75%. Жыл сайын ондағы фермерлер техниканы тек 5%-ға жаңартып келеді.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, өңірде машина жасауды дамыту ауыл шаруашылығы көлік паркін жаңарту қарқынын арттырады. Осы бағыттағы жобалардың бірі – тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі. Ол жеті бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. Жоба ресейлік серіктестермен бірге іске асырылады.

«Reimann» неміс компаниясының тіркеме ауыл шаруашылығы техникасын шығару жолға қойылады. Инвестициялар 1,5 млрд теңге, 75 жұмыс орны ашылады. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының преференциялары өндірілетін өнімнің өзіндік құнын 27 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді әкім.

Өндіріс орны «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жалпы ауданы бір жарым мың шаршы метрден асады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии