Мәзір

Құлақ таңбаларын сатып алу неліктен ұзаққа созылғанын ветеринарлық бақылау түсіндірді

27.10.2021
Құлақ таңбаларын сатып алу неліктен ұзаққа созылғанын ветеринарлық бақылау түсіндірді

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін құлақ таңбаларын жеткізу жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды World of NAN ОКҚ-ға сілтеме жасап.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған аспалы құлақ таңбаларын мемлекеттік сатып алу әкімшісі АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы жасағы болып табылады. Осы ұйым құлақ таңбаларының жергілікті жерлердегі қалдықтарының (пайдаланылмаған) мониторингісінен тұратын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингін жүргізеді.

«Ағымдағы жылы аспалы құлақ таңбаларын сатып алу 3 рет жарияланды. Аспалы құлақ таңбаларын сатып алу рәсімдерінің созылуы ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің атына әлеуетті өнім берушілердің шағымдарымен, сондай-ақ мемлекеттік орган мен аспалы құлақ таңбаларын әлеуетті өнім берушілер арасында сот процестерін жүргізумен байланысты. Бүгінгі таңда ұсақ малға арналған құлақ таңбаларын сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Ірі қара малға арналған құлақ таңбаларын сатып алу жалғасуда, атап айтқанда, Республикалық эпизоотияға қарсы жасағының процессингтік орталығы өтпей қалған сатып алулар бойынша бір көзден құлақ таңбаларын сатып алу тәсілімен жеткізушіге шақыру жіберді», – деп түсіндірді Комитет басшысының міндетін атқарушы.

Оның мәліметтері бойынша, өңірлерде құлақ таңбаларының қалдығы бар, олар қажеттілігіне қарай аудандар арасында қайта бөлінуі мүмкін. 2021 жылдың 1 қазанына жүргізілген мониторингке сәйкес республика бойынша пайдаланылмаған 5,9 млн дана құлақ таңбасы бар.

Сондай-ақ, АШМ өкілінің ақпараты бойынша, 2021 жылғы 10 тамыз бен 20 қазан аралығында «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде Маңғыстау облысының бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу үшін «Жасыл дәліз-2» іске қосылды.

«Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінен 243 шаруа қожалықтарынан және 2 750 жеке аулалардан 77 569 мал басын бірдейлендіру туралы өтініш келіп түсті. Ветеринариялық дәрігерлер 72 539 бас АЖБ АЖ тіркеу бойынша жұмыс жүргізді, бұл келіп түскен өтініштердің 94% құрайды. Бұл ретте жануарлардың іс жүзінде болмауы, жануарлардың қала аумағынан тыс жерде болуы, басқа да себептер бойынша 6% жағдайда бас тарту тіркелді. Жалпы, бүгінгі таңда «Жасыл дәліз-2» аясындағы жұмыстар толығымен аяқталды», – деді ауыл шаруашылығы ведомствосының өкілі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии