Құрама жемге қойылатын фитосанитарлық талаптар бойынша хаттамаға қол қойылды. Бұл жөнінде ҚР-ның ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгін Пекинде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы министрінің орынбасары Ван Линцзюнь құрама жемге қойылатын фитосанитарлық талаптар бойынша Хаттамаға қол қойды.
"Биогрейн" құрама жем зауытының инспекциясы ағымдағы жылдың шілде айында жүргізілген болатын. Инспекция барысында құрама жемге қойылатын негізгі талаптар талқыланған.
Айта кету керек, аталмыш инвестициялық жоба толық шетелдік инвестициялар есебінен қаржыландырылған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение