Мәзір

Жерасты сулары ауыл шаруашылығында кең қолданыла бастайды

08.04.2024
Жерасты сулары ауыл шаруашылығында кең қолданыла бастайды

Ашық НҚА порталында «Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметін құру туралы НҚА жобасы жарияланды. Бұл жөнінде World of NAN Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Министрліктің ұсынысына сәйкес, Ұлттық гидрогеологиялық қызмет жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстары және мемлекеттік мониторинг саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті өкілеттіктерге ие болады. Жерасты суларын ұтымды пайдалану мәселесі ерекше бақылауда болады. 

«Болжам бойынша, еліміздегі жерасты суларының көлемі шамамен 40 текше километр, оның ішінде 15 текше километр – пайдалануға дайын қор. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі небәрі 7-10%. Біз халықты ауыз сумен қамту, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін жерасты су ресурстарын белсенді пайдалануға ниеттіміз. Бұл ретте еліміздің жерасты сулары қорларының сарқылуына және ластануына жол берілмейді», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии