Қазақстандық шенеуніктер жаңа су қоймалары мен су арналарын салу жоспары туралы есеп беруді жалғастырып келеді. Ал әзірге жаңа нысандар тек Қырғызстанда салынып жатыр, деп хабарлайды World of NAN.
Баткен облысында Р-4 су каналы пайдалануға берілді. Нысанның құрылысына 480 миллион сом жұмсалған. Каналдың ұзындығы 46,2 шақырымды құрады, оның 16,3 шақырымы - магистральдық, 29,9 шақырымы - шаруашылық ішіндегі.
1500 гектар жаңа суармалы жер игеріліп, 1543 гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі ұлғайтылды. Сонымен қатар, 28,5 гектар аумаққа тамшылатып суару жүйесі орнатылды. Каналдың құрылысы Баткен ауданына қарасты Дар, Қара-Бақ ауыл округінің, сондай-ақ, Баткен қаласының 30 мыңға жуық тұрғынын сумен қамтамасыз етті.
Қазақстан көршілерінің табысына қуанып, суару арналарына бөлінген қаржының ұрланбауына үміттенеді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение