Мәзір

Түсім төмендеп кетті ме? Топыраққа агрохимиялық талдау жасаңыз

12.04.2024
Түсім төмендеп кетті ме? Топыраққа агрохимиялық талдау жасаңыз

Бүгінгі таңда елімізде топырақ құнарлылығының төмендеу үрдісі байқалады. Мұның себебі химиялық элементтерді енгізудегі теңгерімсіздікте болуы мүмкін, деп хабарлайды World of NAN.

Отандық фермерлердің кейбірі құнарлылықтың стандарттары, параметрлері мен көрсеткіштері туралы түсініктен жұрдай. Егін жинау жарысында олар өсімдіктердің қажеттілігіне және құнарлылыққа әкелетін зардаптарын ескермей, шамадан тыс тыңайтқыш береді және бұл топырақтың қалпына келуіне зиян тигізеді. Ал кейбір жағдайда дақылдарды өсіру кезінде жойылатын қоректік заттардың мөлшерінен айтарлықтай аз тыңайтқыш беріп жатады.

Микроэлементтердің шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету ауыр металдардың өсімдіктерге өтуіне әкеледі. Сондықтан да топырақты агрохимиялық зерттеудің маңызы зор.

Агрохимиялық көрсеткіштерді білу және бұл білімді тәжірибеде қолдану қажет. Агрохимиялық көрсеткіштерді білу ғана қолданылатын тыңайтқыштардың қажет көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл топырақ құнарлығын сақтап қана қоймай, фермердің қаржысын айтарлықтай үнемдейді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии