Азық-түлік корпорациясының басшылығы Иранға ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі жеткізушісі болып табылатын FREEDOM SKY TRADING FZCO компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы World of NAN корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кездесу барысында қазақстандық арпа, жемдік бидай мен жүгеріні Иранға су көлігімен де, құрлықпен де жеткізу және сауда-саттықты қалпына келтіру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Иран Ислам Республикасы қазақстандық астықты, атап айтқанда бидай мен арпаны өткізу нарығы болып табылады. Қазақстан Иранмен тұрақты байланыста бола отырып, астықтың көп көлемін тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз ете алады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение