Мәзір

Фермерлерге тиісті деңгейде көмектеспей, өңдеу көлемін арттыру мүмкін емес

08.12.2023
Фермерлерге тиісті деңгейде көмектеспей, өңдеу көлемін арттыру мүмкін емес

Елордада өткен «Asia AGRO Recycling 4.0» халықаралық инвестициялық форумында сала мамандары мемлекет басшысының аграрлық сектордағы өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасын талқылады, деп хабарлайды World of NAN.

«Менің есімде қалғаны, бұл бұйрық осымен үшінші рет беріліп отыр. Қиындық мынада, бізде «бұзылған телефон» түсінігі деп аталатын нәрсе бар. Яғни, президент біраз нәрсені айтады, уәкілетті орган оны мақсатты бағдарламаға айналдырады, содан кейін ол атқарушы органдарға барады, ал ол жерде бәрі мүлдем басқаша жүреді. Иә, өршіл мақсат қойылып отыр, бірақ мен бұл кешенді жоспарды қарап шыққанымда, ол жерде ешқандай нұсқаулық байқамадым. Бұл қалай жүзеге асады? Ненің есебінен?» деп сұрайды Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган.

Белгісіздікпен қатар6 өндірушілерде өңделген өнімді өткізу нарығына қатысты сұрақтар туындайды. Өндіріс көлемінің ұлғаюы ішкі нарықта өнім көлемінің артып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін әрі оны қайда сату керектігі әлі белгісіз. Оның үстіне мақсатқа жету үшін шикізат керек, оның болуы үшін ең алдымен шаруаларға көңіл бөлу керек.

«Президент алға қойған міндетті орындау үшін ең алдымен шаруаларымызды өндіріс деңгейін қажетті көлемге жеткізуге ынталандыру керек. Шаруалар шикізатты өндірмесе іс жүзінде ештеңеге қол жеткізу мүмкін емес. Импорт арқылы шағын көлемді жабуға болады, бірақ геосаясат жағдайында біз көрші мемлекеттерге сене алмаймыз», - деп түсіндірді Қазақстанның майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядықар Ибрагимов.

Өңдеу шикізат өндірумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекет бірінші кезекте шаруаларды ынталандыруы керек. Ол үшін субсидия үлесін көбейту керек немесе қолжетімді әрі арзан қаржыландыруды қамтамасыз ету керек.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии