Қазақстан үкіметі баламасы ел ішінде «шығарылатын» импорттық ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауды алып тастауды түсіндірді, деп хабарлайды World of NAN.
Бұрынғы жұмыс істеп тұрған механизм бойынша, импорттық және отандық жабдықты субсидиялау көлемдеріндегі айырмашылық шетелдік өндірушілердің пайдасына болды. Мәселен, жалпы сомасы 70,2 млрд субсидия көлемінің 28,3 млрд (40,4%) теңгесі жергілікті кәсіпорындарды қолдауға, 41,9 млрд-ы (59,6%) импорттық кәсіпорындарға бөлінген.
Бұл тәсіл қазақстандық зауыттардың өнімдерін сатуды азайтты. Жаңа механизм бойынша шетелдік тауар өндірушілерді субсидиялау үлесі 6 есеге – 6,5 млрд-қа (9,3%) қысқартылады, ал отандық өндірушілердің үлесін 63,7 млрд-қа (90,7%) дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
«Қазақстандық ауыл шаруашылығы машиналарын шығаратын кәсіпорындар қазіргі таңда өздігінен жүретін техника нарығының 80%-ға жуығын қамтып отыр. Сонымен қатар, елдегі шаруалардың 90%-ға жуығы шағын және орта фермерлер, олар үшін жеңілдетілген лизинг құралдары мен қолжетімді техника машина-трактор паркін жаңартуға мүмкіндік ашады», - деп атап өтті үкімет өз ұстанымын.
Үкімет нарықтың таңғажайып фактілерін ескерусіз қалдырып отырған сияқты. Олар «отандық өндіріс» деп аталатын құрал-жабдыққа сұранысты жасанды түрде арттырса, онда нарықтың дәстүрлі заңына сай баға өседі. Ол шағын және орта фермерлер үшін одан сайын қолжетімсіз болмақ. Егер шенеуніктеріміз фермерлерді шынымен ойласа, олар импорттық техникаға жасалып отырған қорғау шараларын (кәдеге жарату алымы, кедендік баж салығы, т.б.) алып тастар еді. Нарық Қытайдан әкелінген арзан ауылшаруашылық техникасына толып, содан кейін ғана «отандық» техника фермерлерге қолжетімді болары сөзсіз.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение